Атыраулық тұрғынның пәтеріне жарқанаттар кіріп кеткен

Атыраулық тұрғынның пәтеріне жарқанаттар кіріп кеткен

Атыраулық тұрғынның пәтеріне жарқанаттар кіріп кеткен
ашық дереккөзі
Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің екі тұрғыны жедел-құтқару жасағының мамандарынан көмек сұрап хабарласты. Олар үйлеріне ұшып кірген жарқанатты өздері шығара алмаған және қорыққан деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
- Тамыз айында жаңа туған жарқанаттар өздеріне қоныс іздейді екен. Осы кезеңде тәжірибесіз тышқандар абайсызда пәтерге ашық терезе арқылы ұшып кіруі мүмкін. Қорқатын дәнеңе жоқ. Жарқанатты өзіңіз ұстауға тырыспаңыз. Тек бөлменің есігін жауып, барлық терезелерді ашып, өзі ұшып кеткенше күте тұрғаныңыз жөн, - дейді Атырау облысының ТЖД құтқарушылары.