Бұл туралы turkystan.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды.
«Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.