Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметі ел дамуына серпін береді

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметі ел дамуына серпін береді

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметі ел дамуына серпін береді
ашық дереккөзі
Елімізде экономикалық дамуға серпін беру мақсатында түр­лі жобалар жасалып, бағдарламалар қа­былданып, маңыз­ды әлеуметтік мә­се­ле­лерді шешу жолдары қарас­тырыл­ған. Со­ның нақты мысалының бірі – мем­ле­кеттің жеке сек­­­торларымен бірігіп жұмыс жүр­гізуі. Бұл орайда Мемлекеттік-же­ке­мен­шік серіктестік (МЖC) – эко­но­ми­к­а­лық даму үдерісінде ин­вестициялар тар­туға қажет істерді атқарып келеді. Мем­лекеттік-же­кеменшік серіктестік мем­лекеттік серіктес пен жекеше серік­тестің ара­сындағы ынтымақтастық негізінде жұ­мыс істейді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазақстан Республикасының тұ­рақ­ты әлеуметтік-экономикалық дамуын қам­та­масыз ету мақсатында мемлекеттік серік­тес пен жеке серіктестің өзара тиімді бай­ла­ны­сына жағдай жасайды. Яғни, инф­ра­құры­лымды және халықты әлеуметтік тұр­ғыда қол­дау жүйесін дамыту үшін мем­ле­кеттік серік­тес пен жеке серіктестің ре­сурс­тарын біріктіреді. Сол арқылы мемлекет эко­но­ми­касына инвестицияларды тартуды көз­дейді, сон­дай-ақ мүдделі тараптардың мүд­делері мен қажеттіліктерін ескере оты­рып, қыз­мет­тердің қолжетімділігі мен са­па­сын жақ­сар­тады. Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы жалпы ин­новациялық белсенділікті арт­тырып, жо­ғары технология мен ғылымды қа­жет ете­тін өндірістерді дамытуға жәр­дем­де­седі. Мемлекет кәсіпкерге, яғни жеке се­рік­теске түрлі жолмен қолдау көр­сетеді. Қазақстан Республикасының заңна­ма­сына сәйкес заттай гранттар беру, МЖС жо­баларын бірлесіп қаржыландыру, МЖС жо­басын іске асыру барысында өндірілген тауар­лар мен көрсетілетін қызметтердің кө­лемін ұлғайтып, оны мемлекеттің тұ­тынуы­на кепілдік береді. Сонымен бірге Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның «Жер туралы» заңына сәйкес жер учаскелерін беру, мемлекеттік меншік объек­­тілерін пайдалану құқығын беру, МЖС ны­санын инженерлік және көліктік ком­му­ни­кациямен қамтамасыз ету, МЖС жобасы бойынша инвестициялық және пайдалану шы­­ғындарының өтемақысын беру, МЖС ту­ралы заңға сәйкес мемлекеттік МЖС ны­са­нын басқару үшін сыйлықақы төлеуді қам­­тамасыз етіп отырады. Ал кәсіпкерлер МЖС жобаларын қаржы­ландыру, МЖС нысандарын құру және пай­далану, МЖС жобаларын басқару секілді іс­тер­ге қатысады. Сонымен бірге МЖС шар­ты бойын­ша өндірілген тауарлардың, көр­се­тілетін қызметтердің сапасы мен қол­же­тімділігін қамтамасыз етеді. Балабақшалар Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынып жатыр Соңғы жылдары Мемлекеттік-жеке­мен­­шік серіктестік ісі жақсы нәти­же­лер көрсетуде. Жеке кәсіпкерлер мемлекет гран­тын ала отырып көптеген жобаны жү­зеге асырды. Соның бірі – мемлекеттік «Ба­лапан» бағдарламасы бойынша жеке­мен­шік балабақшалар ашу. Еліміздің барлық жерін­де балабақшалардың санын көбейту және мүмкіндігінше балабақша тапшылығын азайту жолында бұл бағдарламамен жүзеге асып жатқан істер жемісті болды деп айтуға бо­лады. Бүкіл ел бойынша қала, ауылдарда ба­лабақшалар салуды мемлекеттік кәсіп­орын­дар қысқа мерзімде орындап шыға ал­майды, сондықтан бұл мәселеде грант беру ар­қылы жеке кәсіпкерлерді осы іске жұ­­мыл­дырудың маңызы зор. Бұл жағдайда бірін­шіден, балабақша тапшылығын жою көз­дел­се, екінші жағынан кәсіпкерлерге көмек беру ар­қылы халықты жұмыспен қамту ісі де жү­зеге асады. Балабақшалар санын көбейту ісі­не көмегін тигізетін жеке кәсіпкерлер ша­ғын коттедждерді балабақшаға айналдыру ар­қылы бағдарламаны тиімді пайдаланып жа­тыр. Қазір үлкен қалаларда үлкенді-кішілі ба­­лабақшалардың саны артып ке­леді. Мы­салы, Нұр-Сұлтан қаласында – 88, Алматы қа­ласында: Алатау ауданында – 105, Алмалы ау­данында – 8, Әуезов ауданында – 63, Бос­тан­дық ауданында – 18, Жетісу ауданында – 15, Медеу ауданында – 42, Түрксіб ау­да­нын­да – 47, Наурызбай ауданында – 63 ба­ла­­бақша бар. Алматы мен Жетісу облыс­тарын­да – 312, Ақмола облысында – 119, Ақ­төбе облысында – 154, Атырау облысында – 49, Батыс Қазақстан облысында – 22, Жам­был облысында – 187, Қарағанды облысында – 74, Қостанай облысында – 37, Маңғыстау об­лы­сында – 88, Павлодар облысында – 9, Сол­түстік Қазақстан облысында – 19, Қы­зыл­орда облысында – 293. Бұл egov.kz сай­тын­дағы мәлімет бойынша беріліп отыр. Ма­териал 24.02.2022 күні жарияланған. (Мем­­лекеттік тапсырысы бар жеке бала­бақ­ша­лар. https://egov.kz/cms/kk/articles/pre_school/2Fdo_goszakaz). Демек, бұлардың бәрі де мемлекеттік тапсырыспен салынған же­кеменшік балабақшалар. Әрине, бір қара­ғанда балалақшалардың саны едәуір көп кө­рінгенімен, бұлардың кейбірі 20-30 ба­ла­ға ар­налған, коттедждерге орналасқан ша­ғын бала­бақшалар. Дегенмен бұл да елі­міз­­дің бар­лық аймағын балабақшамен қамта­ма­сыз етуге зор пайдасын тигізіп жатыр.

Жатақхана салу ісіне кәсіпкерлерді қатыстыру да пайдалы болмақ

Елімізде толық шешімін таппай отыр­ған мәселенің бірі – студенттерді жа­тақ­ханамен қамту ісі. Соңғы жылдарда ар­наулы орта және жоғары оқу орын­дары­ның студенттері үшін жатақхана салу ісі үз­діксіз жүріп жатса да жатақхана тапшы­лы­ғы еңсерілмей келеді. Бұл істе мемлекет зор қолдау көрсетіп жатыр. Кейбір жоғары оқу орындары өз күшімен жатақхана салып та жатыр. Дегенмен бұған кәсіпкерлерді жұ­мыл­дырған мәселе толық шешімін таппақ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жа­­тақ­хана тапшылығын шешуді көздейтін үш ұсыныс айтты. Онда министр «2018 жыл­дан бастап жатақханалар құрылысы бас­тал­ды. «AMANAT» партиясының сайлауалды тұғыр­намасына сәйкес, 2025 жылға дейін 50 мың төсек орын енгізілуі керек. Жыл сайын төсек-орын пайдалануға беріледі. Соған қара­мастан, қазіргі таңда жүйелі үш үлкен ұсы­нысымыз бар. Біріншіден, қазіргі таңда «Қар­жы орталығы» АҚ жеке инвесторлармен жұ­мыс істейтін қаржы операторы болып са­налады. Бірақ жеке инвесторлар қазір жа­тақ­ханалар салу мәселесіне күмәнмен қарай­ды. Құрылыс материалдарының бағасы өсіп кетті, «Қаржы орталығының» шарттары да инфляцияны көзге алғанда қолайлы емес. Біз «Қаржы орталығымен» бірнеше шарт­ты өзгертіп жатырмыз. Міндет­те­ме­лерді 8 жылдан 6 жылға қысқартамыз. Айлық көрсеткіштерді көтереміз, бұл – Қар­жы министрлігімен пысықтайтын шаруа. Екін­­шіден, қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің жақсы бір үл­гісі бар. Алматыда орналасқан жеке қо­на­қүй­лер мен хостелдерді жинап, олармен ар­найы келісімшартқа отырып жатыр. Қо­нақүйлер мен хостелдерге де ыңғайлы. Біз мін­детті түрде оларға 100 пайыздық тап­сы­рыс береміз. Олармен қаржы модельдері де түзеледі. Осы жобаны біз қазір бүкіл өңірлік университеттермен пысықтаймыз», – дей келіп, жатақхана құрылысын мемлекет пен же­кеменшік әріптестігі арқылы жан­дан­дыру­ға болатын туралы былай деді: «Үшін­шіден, әрине, жеке инвесторларсыз бұл мә­се­­ле толыққанды шешілмейді. Сондықтан ірі-ірі құрылыс компанияларымен, өңірлік құрылыс компанияларымен жеке-жеке жұ­мыс істейміз. Мемлекет-жекеменшік әріп­тес­тігі аясында, басқа да шарттар арқылы өңір­лік университеттермен бірігіп жатақ­ха­на­лар құрылысын қолға аламыз». Демек, бұ­дан былай кәсіпкерлердің жатақхана салу ісі­не белсене араласуына мүмкіндік бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы ая­сында студентті жатақханамен қам­тамасыз ету қолға алынып, студенттерге жатақ­хана салу тетігі әзірленген. Соған сай елі­міздегі кез келген кәсіпкер, заңды тұлға жа­тақхана салатын болса мемлекеттен әрбір са­лынған орынға қаржы ала алады. Ол екі ба­ғытта жүргізілетін болады: бірінші, кә­сіп­кер жаңадан жатақхана салғанда, екіншісі, бар ғимаратты жатақхана етіп қайта құры­лым­дағанда. Жаңадан салынатын орынға Ал­маты қаласы үшін 144 АЕК, яғни 441 мың теңге беріледі. Ал қайта құрылымдауға 92 АЕК немесе 282 мың теңге төленеді. Шарт бойын­ша кәсіпкерлер екі жылда ғимаратты са­лып бітуі қажет. Оған қоса салынған ғи­марат жоқ дегенде 20 жыл жатақхана мақ­са­тында қолданылуы керек, кейін кәсіп­кер­дің жекеменшігіне өтеді. Жатақхана салғысы келетін кәсіпкер үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 9 пайыз мөлшерінде жатақ­ха­на­лар мен жекеменшік мектептерді де салу ж­әне реконструкциялау бойынша банктік қа­рыздарды субсидиялау тетігі жұмыс іс­тейді. Оған қол жеткізу үшін кәсіпкерлердің қар­жысы, қарыз қаражатын тартуға мүм­кін­діктері және жер учаскесі болуы қажет. Ал­дағы уақытта мұның бәрі мемлекеттік-же­кеменшік серіктестік аясында жүзеге асатын бо­лады. Демек, студенттерге арналған жатақ­ха­на салу ісінде де мемлекет жеке кәсіпкер­лерге зор мүмкіндік беріп отыр.