Жалған түбіртекпен 10 қап қант сатып алған ер адам ұсталды

Жалған түбіртекпен 10 қап қант сатып алған ер адам ұсталды

Жалған түбіртекпен 10 қап қант сатып алған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, танысы одан азық-түлік дүкенінен 10 қап қант сатып алып, жалған түбіртек көрсеткен деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Жәбірленушіге келтірілген шығын 180 мың теңгеден асады. Көп ұзамай, полицейлер күдіктіні анықтады. Бұл жергілікті тұрғын болып шықты. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, жас жігіт «оңай жолмен» ақша таппақ болған. Күдікті жалған түбіртек көрсетіп, тауарды алып, оқиға орнынан бойтасалаған. Кейін ол қант салынған қаптарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.