Қазақстанға келген Ресей бас консулдығының қызметкері көз жұмды

Өскеменде уақытша іссапармен келген Ресей бас консулдығының қызметкері, Ресей азаматы Роман Скрыльников қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Илья Лябуховқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«26 желтоқсан күні Өскеменге уақытша іссапармен барған Ресей бас консулдығының қызметкері, Ресей Федерациясының азаматы Роман Скрыльниковтың Өскеменде көз жұмғанын аса ауыр өкінішпен растаймыз. Қазір Ресей азаматының мәйітін тез арада Отанына жеткізу жұмыстары жүріп жатыр», – деді ол. 

Back to top button