Бақытгүл Хаменованың соты ұзаққа созылуы мүмкін

Бақытгүл Хаменованың соты ұзаққа созылуы мүмкін

Бақытгүл Хаменованың соты ұзаққа созылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қыркүйек айында жалғасады деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап.  Бүгін, яғни 12 тамыздағы сотта  куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова  мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Одан өзге үш куәгер белгісіз себептермен процеске келмеді. Соттың келесі отырысы 5 қыркүйекке белгіленді және ол аптаның аяғына дейін ұласуы мүмкін. Еске сала кетейік,  Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.