Энергетика министрі «Қашаған» кен орнына барды

Энергетика министрі «Қашаған» кен орнына барды

Энергетика министрі «Қашаған» кен орнына барды
ашық дереккөзі
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау облысындағы «Қашаған» кен орнында орналасқан «Болашақ» зауытында болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Атырау облысына келген Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясының өндірістік нысандарын аралады. Онымен бірге министрлік пен Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және NCOC өкілдері “Қашаған” кен орнындағы «D» аралын айналып ұшып өтті. Биылғы жыл басынан бері «Қашағанда» 7,2 млн тонна мұнай, 4,4 млрд текше метр ілеспе газ өндірілген. Қазір Қашағанда тәуліктік мұнай өндіру 100 мың баррель шамасында. Бұдан соң министр «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының (МГКДҚ) жұмысымен танысты. Министр «Болашақ» қондырғысында жөндеу жұмыстарын жүргізу, «D» аралындағы 2 компрессорды іске қосу-баптау және барлық қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы мәселені көтерді. Энергетика министрі компания басшылығына жөндеу жұмыстарының қорытындысы, газдың шығу себептері мен өндірістік операцияларды қалпына келтіруге қатысты атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі жасалған талдауды ұсынуды тапсырды.