Шенеунік көшеде 13 жастағы қызды бұзақыдан құтқарып қалды

Шенеунік көшеде 13 жастағы қызды бұзақыдан құтқарып қалды

Шенеунік көшеде 13 жастағы қызды бұзақыдан құтқарып қалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 13 жастағы қыз зорлықтан аман қалды деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап. Сарыағаш ауданының жас тұрғынын арам ниетті адамның қолынан сол маңнан өтіп бара жатқан азамат көріп, араша түскен. Күдікті ұсталды, қазір қамауда. Оның үстінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, жасөспірім кешқұрым  үйге қарай жалғыз өзі қайтып келе жатқанда белгісіз адам тарпа бас салыпты. Шашынан сүйреп,  ұрып, жерге құлатып, қылғындырған көрінеді. Көмек сұрап айқайлаған қыздың даусын сол жерден өтіп бара жатқан азамат естіп қалып, тұра жүгірген.
«Жолда келе жатып, қараңғылау жерде екі адамның арпалысып, қиналып жатқан жағымсыздау дауысын есіттім. Содан жүгіріп барғанымша анау адам күдікті азамат тұрды да қашып кетті. Қыз баладан сұрадым: «Мені ұрып, тұншықтырды, қылқындырды», -  деді. Сонымен артынан жүгіріп, қарсы жағынан шығып күдіктіні ұстадым. Ол жерде жалғыз мен болған жоқпын. Әйелім болды, тағы бір әйел кісі болды», - дейді Сарыағаш ауданының тұрғыны Сүйіндік Сейтжаппарұлы.  
13 жастағы қыздың өміріне араша болған жан - Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы әкімінің орынбасары. Полиция күдіктіні ұстап берген азаматқа алғыс білдірді.