Алматыда «Жыл фотографиясы» таңдалды

25 желтоқсан күні Алматы қаласында «Жыл фотографиясы» атты көрме ұйымдастырылды. Ол жерде II республикалық «Жыл суреті» байқауы қатысушыларының туындылары қойылды. Оған қоса, қазылар алқасының қолынан шыққан жұмыстар жеке ұсынылды.

Жоба мақсаты – отандық мамандарға қолдау көрсетіп, фотографияның дамуына үлес қосу. Сондай-ақ, еліміздің көрікті жерлерінің суреттерін жариялай отырып, ішкі туризм көкжиегін кеңейту.

Kazphoto шығармашылық жобасынің негізі 2015 жылы қаланған болатын. Қазір Instagram әлеуметтік желісінде оның 40 мыңнан астам фотосы бар.

Kazphoto айдың, жылдың үздік суреттерін таңдап, оқырмандарымен үнемі тығыз байланыс жасап отырады. Көрмелер мен әлеуметтік тақырыптағы фотолардың жиынын да өткізу назардан тыс қалған емес.

Ал осы жылдың үздік фотографиясы 1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында таңдалды. Конкурс 6 номинация бойынша өтті. Бұл шараны өткізуге «LG Electronics Almaty Kazakhstan», «KazBro» компаниялары демеушілік жасады. Pascucchi кофейнясы фотокөрменің серіктесі болды.

Back to top button