50405
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондықтан шығып қалды
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондықтан шығып қалды

UFC Vegas 59 турнирі аясында өткен америкалық Джефф Нил мен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жектен кейін жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде өзгеріс болды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Нил үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, рейтингіде бірден бес саты жоғарылады, ол 13-орыннан 8-сатыға көтерілді.
Джефф Нилдің жартылай орта салмақтағы рейтингіде алғашқы ондыққа енуіне байланысты қазақстандық Шавкат Рахмонов төмен сырғыды. Ол үздік ондықтан шығып, 11-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, Рахмонов 26 маусымда америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін бір айдан аса уақыт үздік ондықтың қатарында тұрған.