Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері қаладағы ірі сауда орындарында болды. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Осы орайда, топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы бағаға тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.