«Мектеп қабырғасынан бастап араз...»: Ұзынағаштағы атыстың астары

«Мектеп қабырғасынан бастап араз...»: Ұзынағаштағы атыстың астары

«Мектеп қабырғасынан бастап араз...»: Ұзынағаштағы атыстың астары
ашық дереккөзі
Алматы облысының полициясы Ұзынағаштағы атыстың мән-жайы туралы ақпарат таратты деп хабарлады turkystan.kz.
«Куәгерлердің айтуынша, жанжал кісі өлтіру дерегі болмай тұрып, біршама уақыт бұрын басталған. Конфликт қатысушыларының мектеп қабырғасынан бастап араздасқаны және бір-бірімен жақсы  қарым-қатынаста болмағаны анықталды. Соңғы шиленіс кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан бір адам қаза болып, қалған екеуі жарақаттанды», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар жүргізіп жатыр.