Алматы облысында кәсіпкер жоғалып кетті

Алматы облысында кәсіпкер жоғалып кетті

Алматы облысында кәсіпкер жоғалып кетті
ашық дереккөзі
240
Алматы облысында желтоқсан айының басында құпия жағдайда жоғалып кеткен кәсіпкерді іздестіруде. Қапшағайдағы үйінде тұраққа қойылған Валерий Харлановтың автокөлігінде қанның іздері табылған. Туыстары ер кісіні ұрлауы мүмкін дейді. Осы уақыт аралығында бірде-бір туысымен хабарласпаған. Ешкім қаржы талап етпеді, деп хабарлайды КТК. 39 жастағы Валерий Харлановты туыстары тәулік бойы үздіксіз іздестіруде. Соңғы рет оны Қапшағай қаласының сыртындағы шағын дүкенде кешқұрым көрген. Валерийдің үйінде ескі көлігі ашық қалған. Достары машинаны жақында ғана Алматыға айдап алып келді. Жақындарының айтуынша, көліктің салонында қанның және біреудің саусақ іздері табылған. Бірақ оның кімге тиесілі екендігі әзірге белгісіз. Автокөліктен машина базарындағы контейнердің кілті мен құжаттар жоғалған.  - Мен оның үйіне кіргенде, төбелестің немесе шашылған заттардың белгілерін көрмедім. Бір адамның жалғыз өмір сүргені ғана көрінді. Барлығы өз қалпында тұрды - қасықтар, стақандар мен иттің тамағы, - деп айтады Александр Бочаров. Валерий Харланов соңғы жылдары Алматының маңында тұрған. Автобөлшектер сатумен айналысқан. Жұбайымен бірнеше жыл бұрын ажырасқан, алайда қызымен қарым-қатынасын үзбеген. Бірінші болып полицияға қызы хабарласқан. Кристинаның айтуынша, әкесінің із-түзсіз жоғалуына бірге тұратын әйелдің қатысы бар.  

Серіктес жаңалықтары