Пәтерден табылған әйел мен екі баланың денесінде зорлық-зомбылық ізі болған

Пәтерден табылған әйел мен екі баланың денесінде зорлық-зомбылық ізі болған

Пәтерден табылған әйел мен екі баланың денесінде зорлық-зомбылық ізі болған
ашық дереккөзі
Алматы прокуратурасы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылған 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесінде зорлық-зомбылық ізі болғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.  Қазір қалалық Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
«Сараптамалық зерттеулер тағайындалды, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды. Қылмыстық істі тергеуді қала прокуратурасы ерекше бақылауға алды», - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен. 
Айта кетейік, 6 тамыз күні Алматыдағы Мамыр шағынауданындағы пәтерден 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының мәйіті табылған болатын.