Назарбаев Путинмен кездесті

Елбаасы Н.Назарбаев Санкт-Петербург қаласына 24 желтоқсанда ұшып келді. Пулково әуежайында оны Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко және РФ Президентінің уәкілетті өкілі Николай Цуканов күтіп алды. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті — деп хабарлайды ФАН Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.Песковтың айтуынша, Путин мен Назарбаев екі ел арасындағы және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, екі елдің мемлекет басшылары бірнеше нысанды аралайды.

Бүгін Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына қатысады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке барған жұмыс сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен Сирия бойынша мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Әңгіме Ердоғанның бастамасымен телефон арқылы өрбіді. Түркия президенті Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Путинге көңіл айтқан соң мемлекет басшылары Сирия туралы мәселелерді талқылады.

 

Back to top button