Бетті тазалау үшін косметологқа неше рет бару керек? – Маман жауап берді

Бетті тазалау үшін косметологқа неше рет бару керек? – Маман жауап берді

Бетті тазалау үшін косметологқа неше рет бару керек? – Маман жауап берді
ашық дереккөзі
50404
Кәсіби маман Аяжан Мырзамсейітова қазір жасөспірімдер 11 жастан бастап косметолог көмегіне жүгінетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz  Хабар телеарнасына сілтеме жасап. Маманның айтуынша, бұрын косметологқа баратын жасөспірімдердің жасы 13-15 жастан басталатын. Ал қазір ерте есейіп келеді. Олар көбіне бетіне безеу шығып, тері тесіктері жабылғанда көмек алуға барады екен. Осы орайда, «Айына неше рет маманның көмегіне жүгінген дұрыс?» деген сұрақ туындайды.
«Косметологқа қанша рет келу керек екені әр адамға жеке  тағайындалады. Безеу көп болса, айына бір-екі рет келіп тұру керек. Пилинг процедуралар бар. Олар апта сайын жасалады. Егер бетіңізде безеу болмаса, жарты жылда бір рет тазалап тұруға болады. Тіпті, бір жылға дейін тазалауды қажет етпейтін тері түрлері бар», – дейді Аяжан Мырзамсейітова.

Серіктес жаңалықтары