2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды

/
2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды
ашық дереккөзі
2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Фильтрі бар сигареттер:
  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.
Сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
  • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:
  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне.
 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары