50227
Өскемен тұрғыны оқушыны балағаттап, қылқындырды (ВИДЕО)
Өскемен тұрғыны оқушыны балағаттап, қылқындырды (ВИДЕО)
Оқиға Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінде болған. Белгісіз ер адам оқушыны балағаттап, одан кейін мойнынан қылқындырған деп хабарлады turkystan.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғанын айтты. Әйел ер адам айналадағылардың айқайынан кейін ғана баласын жібергенін айтады. Егер жанында ешкім болмаса, оқиға басқаша болуы мүмкін еді.
1968 жылы туған ер адам психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды.
«Өтініш бойынша аталған адам психоневрологиялық диспансердің бөлімшесіне орналастырылды», - деп хабарлады ПД.Баланың анасы болған оқиғадан шошып қалған. Ол психикалық ауытқуы бар адамды ауруханадан неге шығарғанына таңғалып отыр. Прокуратураға медициналық мекемеге тексеру жүргізу бойынша өтініш жазды. https://www.youtube.com/watch?v=i4NBx9uO2n8