50274
Таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді
Таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді

Софияда жасөспірімдер арасында таеквондодан әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстан қоржынында үш медаль бар деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар арасында Әсет Ерғалиев (48 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (46 келіге дейін) және Темірлан Тлеулес (51 келіге дейін) көзге түсті.
Айдана Сүндетбай финалда Оңтүстік Кореяның спортшысы Юн Сео Кимді жеңе алмады. Темірлан Тлеулес алтын медаль үшін күресте оңтүстіккореялық таеквондошы Янгтан ұтылды.
Ал Әсет Ерғалиев командаға қола медаль әкелді.