50308
Теміртау қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Теміртау қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Азаматтық қорғау полковнигі Нұрмұхамед Интуев Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жаңа басшыны қала әкімі мен жеке құрам қызметкерлеріне таныстырды.
Нұрмұхамед Интуев 1979 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысының Абай қаласындағы N30 өрт сөндіру бекетінің мемлекеттік өрт қадағалау тобының инспекторы болып бастады.
Қарағанды және Ақмола облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасын басқарды.