Тәжікстан таяу үш жылда энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді

Тәжікстан таяу үш жылда энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді

Тәжікстан таяу үш жылда энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді
ашық дереккөзі
218
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кезекті жолдауында алдағы үш жылда ел энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді деп мәлімдеді.
Тәжікстан президенті ел үшін стратегиялық маңызы бар Рогун ГЭС-інің құрылысына қазіргі уақытта 12 миллиард сомони (шамамен 1 млрд 521 млн АҚШ доллары) жұмсалғанын, биылғы жылы 2 млрд 16 млн сомони бөлінгенін айтты. «2018 жылы нысанның бірінші бөлігі қолдануға берілетінін, үш жылдан соң толықтай тәуелсіздікке қол жеткіземіз», - деп атап өтті ол. Тәжікстан басшысы алдағы жылы екі маңызды ГЭС - Нурек және Кайраккумды модернизациялауға бюджеттен 3 млрд сомони және 650 млн сомони қарастырылып отыр дейді. Тәжікстан жыл сайын қыс маусымы кезінде сағатына 2,5 млрд кВт қажет етеді. Қазан айынан мамыр айына дейін елде электр энергиясы үнемделіп, арнайы лимит енгізіледі. Таулы аймақтарда бірнеше күндей электр жарығы болмай қалады.

Серіктес жаңалықтары