Украина билігі «ПриватБанкті» гривнаға сатып алды

Украина билігі «ПриватБанкті» гривнаға сатып алды

Украина билігі «ПриватБанкті» гривнаға сатып алды
ашық дереккөзі
258
Украина билігі «ПриватБанктің» жүз пайыз акция пакетін бір гривнаға (үш цент) сатып алды. Бұл жөнінде Украина жеке тұлғаларының салымдарына кепілдік беру қоры мәлімдеді.
Украина билігінің банкті мемлекет меншігіне өткізу туралы шешімі 19 желтоқсанда белгілі болған. «ПриватБанктің» негізгі акционері олигарх Игорь Коломойский мен Украина президенті Петр Порошенко арасында келіспеушілік туындаған. Ұлттық банк төрағасы Валерия Гонтареваның сөздеріне қарағанда, «ПриватБанкте» бес млрд доллардан астам қаржы жетіспеген. Қазір қаржы министрлігінің бақылауына толықтай өткен. Украина президенті Петр Порошенко «ПриватБанкті» мемлекет қарамағына өтуін толық қолдап, өзге қаржы секторларына да қатаң ескерту жасады.

Серіктес жаңалықтары