Шымкент тұрғыны облыстық прокуратура алдында өз-өзін өртеді

Шымкент тұрғыны облыстық прокуратура алдында өз-өзін өртеді

Шымкент тұрғыны облыстық прокуратура алдында өз-өзін өртеді
ашық дереккөзі
255
Шымкент қаласында жергілікті тұрғын облыстық прокуратура ғимараты алдында өз-өзін өртеп жіберді, деп хабарлады сенімді дереккөз.
46 жастағы Нүркен Айнабеков наразылық әрекетін бейсенбі күні түстен кейін жасаған. Оны "жедел жәрдеммен" ауруханаға жеткізген. Қалалық аурухананың жедел медициналық жәрдем қызметінің кезекшісі Айнабековтың күйікпен ауруханаға түскенін растады. Қазір ол облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығында жатыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен бұл ақпаратты растау мүмкін болмады. Бір күн бұрын Айнабеков Шымкентте баспасөз мәслихатын өткізіп, жергілікті биліктен әлеуметтік нысан тұрғызғаны үшін ақша ала алмай жүргенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары