«Өткен жылы сотқа берген жоқпын, өйткені бәлеқор атанып, дау-дамайдың ортасында жүргім келмеді. Бірақ, биыл Salem Social Media компаниясы мен олардың құрылтайшысы, Еуразия өнеркәсіптік тобы – ERG тарапынан жасалған іс-әрекеттер мені осы шешімді қабылдауға итермеледі. Енді мен өз ақиқатымды сотта дәлелдегім келеді және сериал түсіргендердің осындай өрескел әрекеті үшін жазаланғанын қалаймын. Сот талабы да жақында болады», - деді ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.Айта кетейік, «5:32» сериалында қатыгез адам өлтіру қылмысын ашып, маньяктарды ұстаған қазақстандық полицейлер туралы баяндалады. Сериал 1990 жылдары болған шынайы оқиғаларға негізделген. Басты рөлдерде Әбілмансұр Серіков пен Марат Әміраев ойнайды.
Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді

Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді
«Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы» кітабының авторы Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді деп хабарлады turkystan.kz.
Асқар Жалдиновтың айтуынша, «5:32» сериалына арқау болған хикаялар оның кітабынан рұқсатсыз алынған. Сотқа дейінгі шағымдар Salem Social Media ЖШС-не, режиссер Әлішер Утевке және осы сериалда жұмыс істеген екі сценаристке жіберілген.
Автор сериалдың премьерасы 2021 жылы өткенін, ал кітап 2020 жылы жарық көргенін атап өтті.