50391
Шахмат Олимпиадасы: қыздар құрамасы үшінші мәрте жеңіске жетті
Шахмат Олимпиадасы: қыздар құрамасы үшінші мәрте жеңіске жетті
Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы үшінші раундта жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы бұл жолы Перу құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Назерке Нұрғали қарсыласына есе жіберіп алды. Бұл – қыздардың үшінші жеңісі. Бұдан бұрын олар Гватемаланы 4:0, Бельгияны 3:1 есебімен жеңген болатын.
Еліміздің ерлер құрамасы Ливаннан 4:0 есебімен басым түсіп, екінші жеңісіне қол жеткізді. Олар бұған дейін Қытай Тайбейін 3-1 есебімен жеңіп, екінші кездесуінде Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген еді.
Шахмат Олимпиадасы 28 шілде - 10 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 186 мемлекетінен 1736 спортшы қатысып жатыр.