Ертең ауа райы қандай болады?

Ертең ауа райы қандай болады?

Ертең ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Елордада 1 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні - 15 м/с. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ болжанып отыр. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, шығысында бұршақ, дауыл болады. Түнде облыс орталығында тұман. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде күші - 18 м/с күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.