Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

Мәскеуде жатақхана өртеніп, 8 мигрант қаза тапты (ВИДЕО)

Мәскеудегі «Алматы» көшесінде орналасқан жатақханада өрт шығып, сегіз адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жатақхана Алматы көшесі, 7-үй, 2-ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз адамның қаза тауып, үшеуін дәрігерлер қарап жатқаны белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы мигранттар. Олардың азаматтығы анықталып жатыр. Үйіндінің асты тексерілуде. Өртті сөндірді, 150 шаршы метрлік үш бөлме мен дәліз жанған», – деді жедел қызметтегі дереккөз.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен 28 шілде күні сағат 23:58-де түскен. Өртті 20 минутта ауыздықтаған.

«Мосгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ғимаратқа газ тартылмаған.

«Болжаммен, өрт туралы кеш хабарлағаннан, оны өздігінен сөндірмек болғаннан көп адам қаза тапқан. Сегіз адам құтқарылып, екі жүзі эвакуацияланды», – деді жедел қызметтегі дереккөз.

Куәгерлер Алматы көшесіндегі көпқабатты үйдегі хостел 2019 жылдың мамырында тұрғындардың келісімінсіз ашылғанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button