230
Терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтетін заңға қол қойылды
Терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтетін заңға қол қойылды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы тұру шараларын күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының экстремизм және терроризмге қарсы тұру мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды. Заң мәтіні басылып шығарылады.
Заң жобасын қабылдаудағы мақсат - терроризм және экстермизм, қару-жарақ айналымы мен миграциялық реттеу саласы бойынша іс жүзіндегі заңнаманы жетілдіру.
Заң жобасын даярлаушылар атап өткендей, оны қабылдау мемлекеттік органдардың, экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ететін ұйымдар қызметінің нәтижелілігін артырады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді.