БҚО-да медбике аудандық аурухана басшылығының заңсыз әрекеттерін айтып берді

БҚО-да медбике аудандық аурухана басшылығының заңсыз әрекеттерін айтып берді

БҚО-да медбике аудандық аурухана басшылығының заңсыз әрекеттерін айтып берді
ашық дереккөзі
БҚО-да Бәйтерек ауданындағы екінші аурухананың медбикесі Жанаргүл Калашникова басшылығының заңсыз әрекеттерге барғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz vera.kz сайтына сілтеме жасап.  Ол мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасына хат жазып, заңбұзушылықтарды тізіп берді. Айтуынша, аурухана басшысының орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланып, вакцинация кабинетінің медбикелерін «коронавирусқа қарсы екпе салдырғаны» туралы жалған құжат жасауға міндеттеген.
«Бисенбаева өзімізге, таныстарымызға және туыстарымызға екпе салуға келмей-ақ, жалған вакцинация төлқұжатын жасауға міндеттеп отырады. Ал пандемия кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған адамдардың санын ескере отырып, ондай әрекеттерге жол беруге болмайды», - дейді Калашникова.
Калашникованың сөзінше, Бисенбаева мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында басшылық қызметті басқарса да, жұмыс орнында пациенттерді ақылы негізде қабылдайды. Ал ақшаны кассаға емес, өзінің жеке картасына немесе қолма-қол беруді талап етеді.
«Бұдан бөлек, Бисенбаеваның нұсқауымен арнайы пациенттер аурухананың стационарында бюджет есебінен емделеді. Оларға қажетті құжаттар рәсімделмейді. Ал дәрі-дәрмекті басқа пациенттерге кетті деп жазып береді», - деп жазды Калашникова.
Осы арыздан кейін медбикені директордың кабинетіне шақырған. Сол жерде одан шағымды алып кетуді талап еткен, мәселені өзара шешуге көндіріп көрген. Артынан директордың тағы бір орынбасары шақырып, Бисенбаева жазған баянатты көрсеткен. Әріптесі ондай тәртіпбұзушылықтарға бармағанын түсіндірген. Баянатта директордың бұрыштамасы бар. Аурухана басшысы тексеріс өткізіп, оған үстемеақыны бермеуді тапсырған. Баянат тура арыз түсірілген күні жазылған. Калашникова болса, «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының төрағасы Рафаэль Гасановтың атына тағы бір арыз түсірді. Медбике әділдік іздеп, сотқа дейін барамын дейді.