Астананың туристік символына байқау жарияланды

Астананың туристік символы жасалады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астананың туристік символы бойынша концептуалдық, дизайнерлік шешімдерді табу мақсатында үздік нобай-жобасына байқау жарияланды.  Символ, белгі (бренд) қаланың мәртебесін, оның туристік тартымдылығын, көрікті жерлерін, ландшафтының ерекшеліктерін және тарихын жеткізуге тиіс. Символ жарқын, ықшам және заманауи болуы керек. Түс гаммасы қазақтардың декоративті өнерінің түс және композициялық дәстүрлерін көрсетуге тиіс.Туристік белгіде қаланың рухын, оның мәнін жеткізетін түпнұсқа семантикалық шешімдерді, графикалық элементтерді, айрықша ұрандарды қолдануға болады.Туристік символ дизайн мен графикалық өнердің заманауи, әлемдік үдерістерінде орындалуға тиіс.

Байқау 2016 жылдың 26 желтоқсаны мен 2017 жылдың 25 қаңтар аралығында өтеді. Байқауды ұйымдастырушы «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады. Байқауға ниет танытқан кез келген адам қатыса алады.

Back to top button