Еліміздегі ең жас әкім кім?

Еліміздегі ең жас әкім кім?

Еліміздегі ең жас әкім кім?
ашық дереккөзі
Қазақстандағы облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орташа жасы есептелді. Зерттеу жұмыстарын Ranking.kz компаниясы жүргізді деп хабарлады turkystan.kz. Биыл 21 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі әкімдердің орташа жасы 52,2 жасты құрады. Еліміздегі ең жасы үлкен әкім - Шығыс Қазақстан облысын басқаратын Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Одан кейінгі орындарда жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас) тұр. Ең жас әкім – Мұрат Әйтенов (40,7 жаста) республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Сондай-ақ жастар арасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.