«Көкшетаудағы балабақшада балаларды улап жатыр» - фейк

«Көкшетаудағы балабақшада балаларды улап жатыр» - фейк

«Көкшетаудағы балабақшада балаларды улап жатыр» - фейк
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде белгісіз зат шашып жүрген маска таққан ер адамның видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Желідегілердің айтуынша, балаларды құсу мен диарея симптомдарын тудыратын заттармен улап жатыр. Кейбіреулерінің пайымдауынша, бұл үшін жарамдылық мерзімі өткен COVID-19-ға қарсы вакциналар қолданылады екен. Stopfake.kz сайтының мәліметінше, мұның бәрі - жалған. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілі бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, видеода «Көкшетау Дезинфекция» ЖШС жоспарлы түрде дезинсекция шараларын жүргізген сәт көрсетілген. Бұл жұмыс 22 шілдеде сағат 20.00-де балабақша алаңында балалар болмаған кезде жүргізілген.
«Өңдеу шаралары жәндіктерді жою мақсатында жоспарға сәйкес мезгіл-мезгіл жүргізіледі, бұл жолы құмырсқалар мен араларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оны оқытылған қызметкерлер Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен жүзеге асырады. Құрметті облыс тұрғындары, кейбір адамдар ойлағандай, бұл іс-шаралардың коронавирус инфекциясына қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және оны таратпауларыңызды сұраймыз», - деді Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.