TikTok-та полицейлерді балағаттаған жүргізуші кешірім сұрады

TikTok-та полицейлерді балағаттаған жүргізуші кешірім сұрады

TikTok-та полицейлерді балағаттаған жүргізуші кешірім сұрады
ашық дереккөзі
Қостанайда патрульдік полицияны балағаттап, TikTok-қа түсірген көлік жүргізуші кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай қаласының жағажайында полиция қызметкерлеріне және қоғамға агрессив мінез-құлық көрсеткенім үшін Қостанай қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өзімді неге солай ұстадым? Өйткені, сол күні жол апатына ұшырадым, Ravon көлігі соғып, көлігімнің бамперін бүлдірді, мен халыққа қарап, агрессиямды басу үшін қалалық жағажайға бардым. Сол кезде алдымнан қызметкерлер шығып, жанжал туды, сол үшін олардан және сіздерден, Қостанай қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен бәрін де жақсы көремін және құрметтеймін, ақымақ емеспін», – деді Қостанай қаласының тұрғыны Фархат Маликов TikTok желісінде.
  https://www.tiktok.com/@mercedesbenz63amgw211/video/7123825627949436165?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7124262661919311365