Есік қаласында атыс болып, бір адам қайтыс болды

Есік қаласында атыс болып, бір адам қайтыс болды

Есік қаласында атыс болып, бір адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр», -  делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқ тиген екі адамның бірі ауруханада жан тапсырды.
«Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылғы екі ер адам түсті. Екеуі де ауыр халде жеткізілді. Оларға шұғыл түрде ота жасалды. 2004 жылғы адам қайтыс болды. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.