50367
"Биыл оқушылар онлайн оқи ма?" – Министр жауап берді
"Биыл оқушылар онлайн оқи ма?" – Министр жауап берді
Еліміздің бас педагогі онлайн оқытуға үзілді-кесілді қарсы. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz-ке берген сұхбатында осындай ойын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Министр «Биыл эпидемиологиялық жағдай нашарласа, мектептер қашықтан оқытуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
«Арасында болатын шектеулерге байланысты қашықтан оқытуға үзілді-кесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен тең келмейді деп есептеймін. Бұл жерде мәселе тек білімде емес, мұнда әлеуметтену мен әл-ауқат мәселесі де бар. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек. ...Бәрі мүмкін. Бірақ, менің ұстанымым: қашықтан оқымауымыз керек. Былтыр аурушаңдықтың жоғарылағанына қарамастан мектептерде инфекция өршімегенін көрдік. Мектепте оқыған балалар қашықтан оқитындарға қарағанда әлдеқайда аз ауырады. Өйткені мектепте тәртіп пен дисциплина көбірек. Мектептер ең соңында жабылып, бірінші болып ашылуы керек. Ал базар мен дүкендер ашық болып, мектеп жабылса, бұл дұрыс емес, – деді Асхат Аймағамбетов.