50279
Павлодарда дүлей дауыл тұрды
Павлодарда дүлей дауыл тұрды

Павлодар облысының Железинка ауданында дүлей дауыл тұрды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан. Сонымен қатар Алакөл ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттің шатыры бұзылған. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы секундына 16 метрге жетті.