50252
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.22 сәуірде Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты әрі ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған болатын. Қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Содан кейін Қайрат Құдайберген AMANAT партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.