Президент Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйінде болды

Президент Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйінде болды

Президент Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйінде болды
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды деп хабарлады turkystan.kz. Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.  width= 1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000. Айта кетсек, кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.  width=