Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жезқазған қаласында КамАЗ маркалы жүк көлігі көпірден құлап кетті. Салдарынан 64 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Жол апаты Жезқазғанның мыс балқыту комбинатына барар жолда болған. Оқиға орнынан куәгерлер түсірген видео, фотолар жергілікті Telegram арналарының бірінде жарияланды.
«20-шілдеде сағат 14.05 шамасында КамАЗ автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралымен көпірден ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталмыш факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)