Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды

Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды

Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды
ашық дереккөзі
50287
Қытайда бубон обасын жұқтыру дерегі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Науқас елдің солтүстік-батысындағы Иньчуань қаласының тұрғыны. Ол жуырда Ішкі Моңғолия автономдық ауданына барып қайтқан екен. Өткен аптада ер адам есінен танып, денесі қалтырап, өзін нашар сезінген. Қазір өңірде эпидемиологиялық қауіпке әрекет етудің төртінші деңгейі жарияланды. Айта кеткен жөн, бубон обасы – жұқпалы ауру. Өлім көрсеткіші жоғары. Оны кеміргіштердің үстінде болатын бүргелер таратады. Ауру белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпе, лимфа бездерінінің ісінуі жатады.

Серіктес жаңалықтары