Қазақстан тарихта бірінші рет жеңіл атлетикадан алтын медаль алды

Қазақстан тарихта бірінші рет жеңіл атлетикадан алтын медаль алды

Қазақстан тарихта бірінші рет жеңіл атлетикадан алтын медаль алды
ашық дереккөзі
Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтынына» қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Елімізге тарихи жеңісті сыйлаған спортшы – Нора Джеруто. Қазақстандық спортшы жарыстың негізгі фавориттерінің бірі болды. Белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) алды. Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға рұқсат алды.