Шымкенттегі жол апаты: жылқыға соғылған жүргізуші қайтыс болды

Шымкенттегі жол апаты: жылқыға соғылған жүргізуші қайтыс болды

Шымкенттегі жол апаты: жылқыға соғылған жүргізуші қайтыс болды
ашық дереккөзі
Шымкентте жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  Жол-көлік оқиғасы 16 шілде күні Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылында болған. Аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 20:00 шамасында төрт жолаушысы бар ВАЗ-21099 автокөлігі Төле би ауданынан Шымкент қаласы бағытына қарай қозғалған.
«Көлік жүргізушісі жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы келе жатқан Volkswagen Passat жеңіл көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Жол апатынан ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.