Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Түркістанда екі баланың анасы өзіне қол жұмсады

Ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 16 шілдеде болған.

«Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен өз үйінің ауласында асылып қайтыс болған әйел туралы ақпарат келіп түсті. Хабарламаны алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды», – деп хабарлады департаменттен.

Қазір бұл факті «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілерін таппады. Әйелдің артында екі баласы қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button