Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль алды

Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль алды

Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль алды
ашық дереккөзі
Қазақстан құрама командасы ауыр атлетикадан Ташкентте өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарында өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді. Ерасыл Омаров жастар арасындағы Азия чемпионатында ел құрамасының қоржынындағы бірінші медальдің иегері болды. 55 келіге дейінгі салмақта отандасымыз үшінші орын алды. Бірінші жаттығуда Ерасыл барлық үш тәсілді сәтті орындап, 104 келіні оңай ырқына бағындырды. Алайда, «серпе» көтеру кезінде қазақстандық спортшы тек үшінші әрекетінде 124 келіні төбесінен асырды. Осылайша қос сайыс қорытындысы бойынша Ерасыл 228 келімен (104+124) жарысты аяқтады. I орын: К Дуонг (113+143) Вьетнам II орын: Дуонг Туан (112+136) Вьетнам ІІІ орын: Ерасыл Омаров (104+124) Қазақстан Сондай-ақ 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александра Беленко өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы 132 (58+74) келі көтеріп, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бесінші және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтыншы болды.  width=