50241
БҚО-да белгісіз біреу 600 тонна шөпті өртеп жіберген
БҚО-да белгісіз біреу 600 тонна шөпті өртеп жіберген

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богдановка ауылдық округіндегі «Родина» ЖШС аумағында 2 405 рулон шөп өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Батыс Қазақстан облыстық ТЖД-ның өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамынан 4 адам жедел жеткен. Сонымен қатар ерікті өрт сөндіруші құрылымдардан 10 адам, 3 трактор және 1 су құйғыш техникасы да тілсіз жаумен күреске тартылды. Өрттің салдарынан бір-бірінен 50-60 метр қашықта орналасқан 6 мая жанып кетті. Екі мая төбесі жабық орынға жиналған екен, айналасына минералды жолақ жүргізілген, барынша қауіпсіздік шаралары жасалған.
Алдын ала болжам бойынша, шөп қасақана өртелген.