«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарманың хабарламасында.
Елордада М-1 көпірі бір айға жабылады
Елордада М-1 көпірі бір айға жабылады
Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М-1 көпірінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, жөндеу жұмыстары 16 шілде - 15 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.