Boeing басшысы Трампқа 4 млрд$ арзан ұшақ жасауға уәде берді

Boeing басшысы Трампқа 4 млрд$ арзан ұшақ жасауға уәде берді

Boeing басшысы Трампқа 4 млрд$ арзан ұшақ жасауға уәде берді
ашық дереккөзі
Boeing корпорациясының басшысы Деннис Мюленбург АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен кездесті және арнайы жасақ үшін 4 миллиард доллардан төмен бағаға «нөмірі бірінші» борт жасап беруге уәде етті, деп хабарлайды Рейтер. «Біз 4 миллиардтан да төмен бағаға әзірлеуге дайынбыз», - деген Boeing басшысының сөзін келтірді агенттік. Журналистер оған Трамптың көңілі толмаған ұшақ жобасының сомасы талқыланды ма деген сауал қойған болатын.   Бұған дейін Трамп жаңа ұшақтар жөніндегі келісімшарттың құны 4 миллиард доллар екенін мәлімдеп, келісімшартты бұзамын деп қорқытқан еді. Қазір АҚШ президенті 30 жыл бұрын алынған екі Boeing 747-200B ұшағын пайдаланады. Ал жаңа ұшақтар 2023-2024 жылдарға жоспарланған.