50257
Полиция қызметкерлері электросамокат жүргізушілерін бақылайды
Полиция қызметкерлері электросамокат жүргізушілерін бақылайды
Шілде айының басында Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану стандарты бекітілді деп хабарлады turkystan.kz.
Электр самокаттары бойынша Стандарттың қабылдануына байланысты министрлік жақын арада қолданыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Электросамокат жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын жалпы негізде, күнделікті патрульдеу шеңберінде полиция қызметкерлері бақылайды.
Жол ережесін бұзғаны үшін жазаның қандай түрлері қолданылатыны әлі белгісіз.