Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынды

Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынды

Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынды
ашық дереккөзі
50308
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін реформалау жұмыстары туралы айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.  
 «Зерде» тобын реформалау жұмысы жыл басында басталған болатын. Оның бірі – жүйелік интегратордың қызметі «Цифрлық үкіметті қолдау орталығына» берілді. Инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында «QazInnovations» агенттігі мен Астана хаб технопаркін бір ұйымға, яғни Инновациялық технологиялар паркінің құрамына біріктіру арқылы оңтайландыру ұсынылады», – деді министр Үкімет үйінде өткен отырыста.
Министр Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамын тікелей Цифрлық даму министрлігінің қарамағына беріп, «Зерде» холдингін таратып жіберуді ұсынды.
«Осы үрдіс барысында холдингтің жобаларды іске асыруы бойынша тиісті материалдарды құзырлы органдар қарастырады. Есеп комитеті талқылау кезінде холдинг қажеттілігіне күмән келтірген болатын. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік секторды реформалау тапсырмасына сәйкес келеді. Осылайша, жыл сайынғы әкімшілік шығындар үнемделеді, қажетсіз басқару деңгейін алып тастау және жауапкершілікті нақтылау сияқты оң нәтижелерге қол жеткізетін боламыз», – деді Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары