Нұрлан Нығматуллиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұрлан Нығматуллиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұрлан Нығматуллиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50230
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлы, «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының бірінші басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты «аммофосты» (ред. – ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі) іске асыру кезінде жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 221-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің ҚазТаг-қа жауабында.
Монополияға қарсы ұйымдар «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқанын анықтаған болатын. Бұл ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі азық-түлік құнына тікелей әсер ететінін атап өту керек.
«Мысалы, «Қазфосфат» ЖШС аффилденген компанияға (KAZ Chemicals Trading House ЖШС) тыңайтқыштардың едәуір көлемін сатып, ал ол компания болса, сауда үстемесіне 30% қосқан. Бұл жағдай монополияға қарсы әрекет ету шаралары нәтижесінде түзетілді. Өндіруші заңсыз кірісін қайтарады. Тиісті ведомстволар бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы.
         

Серіктес жаңалықтары